Головкин WBC әлем чемпионы белдігін Мексикада алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC әлем чемпионы белдігімен марапатталу үшін бүгін Мексикаға ұшады, деп жазады Sports.kz.

 Головкин WBC әлем чемпионы белдігін Мексикада алады

Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер твиттер-аккаунтында жазды: «10 қыркүйекте өтетін GGG мен Келл Брук жекпе-жегі болатындығы  жарияланған соң, WBC әлем чемпионы белдігін ресми алу үшін GGG бүгін Мехико қаласына ұшады».