Головкин WBC чемпиондық постеріне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік боксшылар кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман твиттерде ұйым бойынша түрлі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпиондарының маусым айындағы кестесін жариялады, деп жазады Sports.kz.
Олардың ішінде орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) де бар.
Головкин соңғы жекпе-жегін 5 мамырда Карсонда (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center аренасында өткізіп, америкалық боксшы Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.