Головкин WBC тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағына титул иесіз қалған жағдайда ие бола алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC қаулысына сәйкес, егер Мигель Котто - Сауль Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Геннадий Головкинмен аталған ұйымның тұжырымдамасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін айқасудан бас тартса, бұл белдік автоматты түрде Геннадийге беріледі, деп ақпараттандырады Sports.kz.
None
None

Бұл туралы BoxingScene.com-ға WBC президенті Маурсио Сүлейман хабарлады.

«Triple G-мен тайталасты болдырмаудың жалғыз амалы - тартылған барлық тараптардың жағдайды басқа жолмен шешу туралы келісімге қол қоюы. Бірақ WBC-дің пікірі айқын болып қалып отыр: 21 қарашада жеңіске жеткен боксшы Головкинмен кездесуі тиіс», - деп атап өтті Сүлейман.

Сондай-ақ егер Котто немесе «Канело» Головкиннің тобы және WBC-мен келіспей, басқа жолды таңдаса, оларға титулды босатуға тура келеді. Кері жағдайда, оларға WBC санкциялары қолданылады, ал Головкин чемпиондық белбеудің толық құқылы иесі болатыны хабарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар