Головкин WBN P4P рейтингінде өз орнын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Worldboxingnews.net сайты салмақ санатынан тыс (pound-for-pound) ТОП-50 боксшының жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин WBN P4P рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Андре Уорд көш бастап тұр, екінші орында - Мэнни Пакьяо, үшінші жолда Геннадий Головкин тұр.

Алтыншы позицияда болған Василий Ломаченко төртінші орынға көтеріліп, Роман Гонсалесті төмен сырғытты.