Головкин WBN тұжырымы бойынша орта салмақтағы үздік боксшылардың рейтингінде көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WorldBoxingNews.net британдық сайты орта салмақ дәрежесіндегі үзік боксшылардың ондығын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz .

Головкин WBN тұжырымы бойынша орта салмақтағы үздік боксшылардың рейтингінде көш бастады

Бірінші орында WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин тұр. Екінші орынды оның келесі қарсыласы Сауль Альварес иеленсе, алғашқы үштікті қазақстандықтың бұрынғы қарсыласы Дэниэл Джейкобс тұйықтады.

«Әлемдегі орта салмақтағы ең үздік боксшы және бес әлем чемпионы титулының төртеуінің иегері. Жеңіл рейтинг», - деп жазды басылым GGG туралы.

Үздік ондық былай көрсетілген:

 1. Геннадий Головкин

2. Сауль Альварес

3. Дэниэл Джейкобс

4. Джермалл Чарло

5. Билли Джо Сондерс

6. Давид Лемье

7. Мартин Мюррей

8. Энди Ли

9. Автандил Хурцидзе

10. Себастьян Хейланд.