Головкин Юбэнкпен жекпе-жекке шығуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин өзінің Твиттерінде британиялық кіші Крис Юбэнкпен жекпе-жек өткізу туралы жазба жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

«Мен дайынмын, келесі қарсыласым кім?» - деп жазды GGG шағын блогында. Жазбасына кіші Юбэнктің, оның промоутері Эдди Хирннің және Sky Sports телеарнасының ресми аккаунттарын тіркеді.  

Келесі аптада тараптар алдағы жекпе-жек туралы келісімшартқа ресми түрде қол қояды деп күтілуде. Кездесу қыркүйек айында Лондондағы «О2-Аренасында» өтуі мүмкін. Егер Юбэнкпен келіссөздер үзілсе, онда Головкин Хильберто Рамиреспен (Мексика) күш сынасуы мүмкін. 

 

 

Соңғы жаңалықтар