Головкин жаңа бапкерінің есімін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBC, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаңа бапкерінің кім екендігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол -Джонатон Бэнкс. Бұл туралы DAZN өкілі Крис Мэнникс мәлім етті.
Еске сала кетсек, соңғы тоғыз жыл бойы Геннадий Абель Санчеспен жұміс істеді, дегенмен таяуда онымен қош айтысты. Бұған негізгі себеп - қаржылық жағдай. Бапкердің айтуынша, Головкин оған жалақыны -10, ал гонорарды 2 пайызға қысқартпақ болған.