Головкин және «Канелоның» өмірі туралы деректі фильм шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Leigh Simons Productions киностудиясы мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойямен бірлесе Геннадий Головкинге қарсы рематчқа арналған деректі фильмді жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин және «Канелоның» өмірі туралы деректі фильм шықты

Фильмде боксшылар рингтің сыртындағы өмірі туралы әңгімелейді, алғашқы жекпе-жекті есіне алып, екінші кездесуден не күтетінін айтады.

Боксшылардың бапкерлері мен промоутерлері де рематч пен оның төңірегіндегі оқиғалар туралы пікірлерін бөліседі.

Бұдан тыс, видеоға алғашқы жекпе-жектің үзінділері ерқау етілген.

Еске сала кетейік, «Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Countdown Show- Canelo VS GGG 2 from Leigh Simons Productions on Vimeo.