Головкин жанкүйер болып жүрген Р.Роузи алғаш рет жеңіліс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ронда Роузи (12-1) Холли Холммен (10-0) айқаста ауыр жарақат алып, титулынан айырылып қалды.

Головкин жанкүйер болып жүрген Р.Роузи алғаш рет жеңіліс тапты

Роузи қарсыласын шабуылдауға жанталаса кірісті. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпады. Холли сол жақтан Рондаға тұрақты түрде ауыр соққылар дарытып, бірінші раундтың өзінде-ақ чемпионға қауіп төндірді.

Екінші бес минуттықта Ронда еш өзгеріс енгізбеді. Есе қайтару да көп күттірмеді. Холм қарсыласын кезекті сол жақ соққыларымен есеңгіретіп, басынан теуіп, нокдаунға жіберді.