Головкин жанкүйерлерін қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин оның Дэниэл Джейкобспен айқасына және медиа-шараға баруға арнайы билетті ойнату бойынша қайырымдылық акцияға қатысуға шақырды, деп хабарлады Sports.kz.
«Джейкобспен жекпе-жегімде менің қонағым болғандарыңды қалаймын. Ұшу, қонақүй, ВИП-орындар - менің есебімнен. Игі іске жәрдемдесіңіздер», - деп жазды Геннадий Головкин әлеуметтік желіге.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне екі ВИП-билет ойнатудың қайырымдылық сипаты бар және ол осы сайтта өтеді. Барлық жиын UCLA балалар ауруханасының қажетіне аударылады.
I promise, you won’t want to miss this. Be my guest for #GGGJacobs on March 18th. I’ve got VIP seats and a spot at the post-fight press conference for you. Flights + hotel on me so click the link in my bio, or go to omaze.com/GGG to enter!