13:10, 27 Наурыз 2022 | GMT +5
Головкин Жапониядағы жекпе-жегі алдында жаңа мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) көптен күткен жекпе-жегі алдында Instagram парақшасында жаңа жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бірнеше күн өткен соң біз Жапонияға баруға дайын боламыз», - деп жазды GGG бұл жазбасында.
Еске салайық, 9 сәуір күні Головкин Сайтамада (Жапония) WBA Super титулының иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) айқасады. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекке орта салмақтағы IBF және IBO чемпиондық белдіктерін тігеді.