Головкин жаттығу кезінде Гроувздың қабырғасын сындырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин жаттығулардағы спаррингтік кездесулердің бірінде 26 жастағы боксшы Джордж Гроувздың қабырғасын сындырды, деп хабарлайды Аllboxing.ru.
«Бұның алдында хабарланғанындай, Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жектің қарсаңында Геннадий Головкин екінші орта салмақта өнер көрсететін әлем чемпионы титулының бұрынғы үміткері Джордж Гроувзбен бірге спаррингке шығып отырған болатын. Солардың бірінде Гроувздың қабырғасы сынды», - делінеді хабарламада.
Айта кету керек, 20 қыркүйекте Гроувз WBC нұсқасы бойынша жекпе-жекке шығу керек. Бұл жарақат алдағы жоспарланған кездесуге қалай әсер ететіндігі белгісіз.
27 шілде күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасында жекпе-жек өтеді. Тікелей эфирде бұл кездесуді KazSport пен Қазақстан телеарналары көрсетеді.