Головкин жойқын күш иесі. «Канеломен» айқаста GGG неліктен фаворит - Аллан Фокс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокс Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жекте Геннадий Головкиннің пайдасына жүретін аса маңызды факторды атап көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

 Головкин жойқын күш иесі. «Канеломен» айқаста GGG неліктен  фаворит - Аллан Фокс

«Канело» бір жылдан бері рингтің бетін көрген жоқ, оның үстіне тізесіне жасалған отадан кейін енді өзіне келе бастады. Головкин белсенді болды, 5 мамырда «запастағы» Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберді. Головкин «Канелоға» біршама қиындықтар туындатуы мүмкін деген боксшыны оңай ғана жеңді. Сол жекпе-жек егер өзінің қалыпты слаггер әдісімен айқасса, Головкиннің жойқын күш иесі екенін көрсетті. Ол былтырғы «Канеломен» өткен жекпе-жекке қарағанда, осы амплуада мейлінше жақсы жұдырықтасады», - деп жазды автор.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.