Головкин жыл боксшысы атанғаны үшін БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com сайты WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) 2017 жылдың үздік боксшысы деп атады, деп жазады Sports.kz.
None
None

Өтіп бара жатқын жылы Головкин екі жекпе-жек өткізді. Оның бірі 18 наурызда Нью-Йоркте өтіп, Головкин төрешілердің бірауыздан дауыс беруімен Дэниэл Джейкобсты (33-2, 29 КО) жеңіп, ал 16 қыркүйекте Лас-Вегаста Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесіп, тең түсті.

Геннадий Boxingnews24.com сайтының бұл жаңалығына твиттерде «Рахмет» деген сөзбен жауап берді.

Соңғы жаңалықтар