Головкинді айқасқа шақырған Андрейд қарсыласы Нельсонды нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Деметриус Андрейд АҚШ-та 29 жастағы Вилли Нельсонмен жекпе-жек шықты.
None
None

Бірінші раундта-ақ, Деметриус Андрейд қарсыласын нақты соққымен нокдаунға жіберді. Алайда, ол айқасты жалғастырды, деп жазды sports.kz.
Бұдан әрі Андрейд жекпе-жекті толықтай бақылауына алып, раундтан раундқа ұтты. Ол бірінші раундта оны тағы да нокдаунға жіберді. Нельсон раунд арасындағы үзілістерде өз бабына келе алмады, қорытынды бөлікте Андрейд оны екі рет құлатып, артынша айқас тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар