Головкинді жеңсем көпшілікті мойындатар едім - Сондерс

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерс Геннадий Головкин - Сауль Альварес жұбынан өзі жұдырықтасқысы келетін былғары қолғап шеберін атады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкинді жеңсем көпшілікті мойындатар едім - Сондерс

«Канело» екеуміз құрдаспыз, бірақ екеуінің ішінен Головкинмен кездескім келеді. Себебі дәл қазір Головкин ешкім жеңе алмаған боксшы саналады. «Канелоны» емес, Головкинді жеңсем, көпшілікті мойындатар едім. Бірақ, мен кез келгенімен айқасуға 100% дайынмын», - деді Сондерс Лондонда өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Сондерс Давид Лемьемен жекпе-жекке шықпай тұрып ұйымдастыру жағынан Альвареспен жұдырықтасудың оңай әрі жеңіл екенін айтқан болатын.