Головкинге әлемнің абсолютті чемпионы болу мүмкіндігі туды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN Deportes инсайдері Сальвадор Родригес орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварестің болашағына және оның Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты кейбір деректерді жайып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Журналист Головкиннің «Канеломен» үшінші рет кездесуге, сондай-ақ барлық чемпиондық титулдарды жинап алу арманын орындауға «көпір» міндетін атқаратын қарсыласы кім екенін айтты. 

Телеарнаның хабарлауынша, «Канело» келер жылы орта салмақтағы барлық чемпиондық титулдар үшін күресіп, әлемнің абсолютті чемпионы атануды көздеп отыр. Бұл реттегі алғашқы жекпе-жегі 4 мамыр күні Лас-Вегастың T-Mobile Arena аренасында өтуі тиіс. Оған IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс қарсылас болуы мүмкін. Егер Джейкобсты жеңсе, «Канелоның» алдында тек Деметриус Эндрейд иелік етіп отырған WBO белдігі ғана қалады.

Головкиннің алдындағы мүмкіншіліктердің бірі ретінде мамандар DAZN-мен келісімшартқа отырып, келер жылдың алғашқы жартысында Эндрейдпен кездесуді айтып жүр. Өйткені соны жеңсе, қыркүйек айында «Канеломен» кездесу құқығына ие болады. Сонда боксшылар WBA (Super), WBC, WBO және IBF белдіктерін сарапқа салады. Яғни, сол жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атанады. Ал бұл бокс кеші Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар