15:34, 05 Қараша 2013 | GMT +5
Головкинге қарсылас атануға үміткердің есімі аталды
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің болашақ қарсыласы атануға үміткердің есімі анықталды.

Бұл туралы Vesti.kz сайтынан хабарлады.
Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы 12 желтоқсан күні Австралияда өтетін WBA уақытша чемпионы британдық Мартин Мюррей мен австралиялық Гэрз Вуд арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болуы мүмкін. Егер осы кездесудің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуға дайын болмаса, оны WBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы Хассан Н'дам Н'жикам алмастыруы ықтимал.
HBO телеарнасы таңдалған қарсыластың деңгейіне байланысты жекпе-жекті көрсететінін мәлімдеді.