Головкинге салмағын көтеріп, мықтылармен айқасу ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бұрынғы қарсыласы Мартин Мюррей (34-4-1, 16 КО) қазақстандық боксшыға жоғарырақ салмақ санатына ауысуды ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.   

Головкинге салмағын көтеріп, мықтылармен айқасу ұсынылды

«Мен әлі де әлем чемпионы атанып, Росадо сынды мықты боксшыны жеңемін деп ойлаймын. Бұл үлкен шоуда белбеуді иеленуге қауқарым жетеді. Орташа дивизион Головкинге байланды, сондықтан жоғары салмаққа ауысуды ұйғардым. Жоғары көтеріліп, ондағы үздік боксшылармен (барлығы ірі жігіттер) айқасып көрдім де, маған орта салмақтың анағұрлым қолайлы екенін түсіндім. Головкинде белбеулер бар, бірақ ол салмағын көтерсе ғана өзі қалаған жекпе-жектерге қол жеткізе алады. Өзі үшін жаңа дүниелер ашар еді», - деді Мюррей ESPN арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 22 сәуір күні Ливерпульде Мюррей америкалық Габриэль Росадомен (23-10, 13 КО) қолғап түйістіреді.