Головкинге Сауль Альварессіз де қарсыластар аз болмай отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxing247.com журналисі  Джеймс Слэтердің пікірінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда өтетін Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реваншы болмай қалған күнде де  қарсылас таппай қалмақ емес, деп жазады Sports.kz.

Головкинге Сауль Альварессіз де қарсыластар аз болмай отыр

«Онымен айқасқа шығатындар аз болмай отыр. Деметриус Андраде:  «Головкин солақай, ол осыдан бас тартса, мен онымен айқасар едім»,  деп мәлім етті. Сондай-ақ «Канеломен» жекпе-жек кезегінде тұрған  ирландиялық  Гэри „Спайк" О'Салливан Головкинмен реванш нәтижесіне қарамай-ақ өзінің дайын екендігін білдірді. Әзірге жеңілістің ащы дәмін татпаған мексикалық Хайме Мунгия да оның қарсыласы болуы мүмкін. Бұған қоса тағы бір мексикалық кіші -Хулио Сесар Чавес 5 мамырдағы айқасқа мүмкіндік алып отырғандығын жария етті.  Яғни, GGG командасы 5 мамырдағы жекпе-жекке  осылардың ішінен  қарастыруы қажет»,- деп атап өтеді автор.