Головкинге жылдамдық жетіспеді - Артаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың ойынша, Геннадий Головкин бүгінгі жекпе-жегін 12-раундқа дейін әдейі созған жоқ, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Бұл жерде әдейі жасалған ештеңе жоқ. Өйткені бұл бәрін алдын ала ойластырып қоятын концерт емес қой, бұл - нағыз шынайы болған жекпе-жек. Осы жекпе-жекте Джейкобстың мықтылығы емес, оның Генамен болатын айқасқа жақсы дайындалғаны байқалып-ақ тұр. Ал Гена өз қарсыласының кілтін таба алмады. Оған жылдамдық жетіспеді. Джейкобстың жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Дегенмен, өз басым Головкиннің жеңетініне сендім, еш қобалжу болған жоқ", - деді Артаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, Джейкобспен қайта айқас өткізу мәселесі болашақтың еншісінде. Әзірше оны өткізбейді.

Айта кетейік, бүгінгі жекпе-жекте орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізіп, барлық белбеулерін қорғап қалды. Алайда үздіксіз нокауттар сериясы осымен аяқталды. Ал Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) өзінің спорттық мансабында екінші рет жеңіліс тапты. Жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин осы жолғы айқасты 12-ші раундқа дейін жеткізуді көздемегенін айтты .

 Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев осы жекпе-жекке  тікелей эфирде шолу жасады.

Соңғы жаңалықтар