Головкинмен келіссөздер басталды: Альварестің промоутері трилогия жөнінде айтты
«Синко де майо» - Лас-Вегаста өтетін бокстағы ең үлкен уик-энд. Сондықтан біз Головкинмен келіссөздерді бастадық. Дегенмен, «Канело» барлығы үшін ашық. «Канело» ең мықты атану үшін кіммен болса да кездесуге дайын. Келіссөздер қайда алып келетінін көреміз. Боксшының беделі сарапқа салынғалы тұр. Ал «Канело» өте тәкаппар боксшы. Сондықтан, барлық айқастарына жақсы дайындықпен келеді. Ол әлі де жас, бар болғаны 28-де, алдағы жолы ұзақ. Дегенмен, ол ең мықтылармен жұдырықтасқысы келеді», - деді Де ла Хойя.
Еске салайық, бұған дейін Оскар де ла Хойя Твиттердегі аккаунтында Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомеске Головкинмен келіссөздерді бастау туралы тапсырма бергенін жазған болатын.
Бұдан бұрын үшінші айқас 4 мамырда Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін екені айтылды. Қазақстандық және мексикалық боксшылардың бірінші және екінші жекпе-жектері сонда өткен еді.
Головкин-Альварес ықтимал трилогиясына кейбір букмекерлік кеңселер мынадай котировка ұсынуда: Альверістің жеңісі - 1.47, Головкиннің жеңісі - 2.7 және тең нәтиже - 25.