Головкинмен ұрысқа басты үміткер қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Кертис Стивенс кәсіби рингте кезекті жеңіске жетті, деп хабарлады Boxingscene.

Головкинмен ұрысқа басты үміткер қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

Бұл жолы ол мексикандық Саул Романмен кездесті, деп хабарлады Vesti.kz.

Стивенстің қарсыласы рингте бір раунд та тұра алмады. Стивенс мексикандықты кермеге қуып тығып, қуатты соққымен ринг төсенішіне сұлатты.

Еске сала кетейік, шілденің соңында Стивенс қазақстандық боксшы, WBA нұсқасындағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін деп хабарланды. Жекпе-жекке дайындық жөніндегі ақпаратты қазақстандық боксшының промоутері Том Лефтер де қуаттады.

«Кертис Стивенстің Головкинді жекпе-жекке шақырғанын білемін, алайда бұл ұрысты оның промоутері Кэти Дува қалай көретіні белгісіз», - деді Лефтер. Атап өтейік, Стивенс Бруклинде туған, ал қазақстандық боксшының кезекті жекпе-жегі 2 қарашада Нью-Йоркте өтпек. Бұл дерек те кездесуді ұйымдастыруға қосымша дәйек болмақ, өйткені бұл кездесуге көрермендер тарапынан қызығушылық үлкен екені сөзсіз.