Головкинмен жұдырықтасудан қорықпаймын - Амир Хан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Амир Хан болашақта қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы ойымен бөлісті.

Головкинмен жұдырықтасудан қорықпаймын - Амир Хан

«Егер Альвареспен кездесуде жеңіске жетсең, Головкинга қарсы титулыңды қорғайсың ба, әлде салмақ азайтасың ба?» деген сұраққа ол былай деп жауап берді.

«Оның барлығы жекпе-жектің қалай шешілетініне байланысты. Мен осындай жеңіске жеткен соң титулдан бірден бас тартпаймын. Канело мен сияқты боксшылармен жұдырықтасып көрмеген. Мен кез-келгенімен жекпе-жекке дайынмын. Мен ешкімнен де қорықпаймын», - деп жауап берді ол. Бұл туралы RingTv-ге сілтеме жасап Головкиннің ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.