Головкиннен әбден соққы алған Брукке тағы екі ай емделу қажет болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) британиялық боксшы Келл Брукке толық қалпына келу үшін тағы 60 күн уақыт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. айтына сілтеме жасап.
«Әуелде Брук 26 желтоқсанда кездесу өткізуі қажет болатын. Алайда, ол қайтадан қалпына келіп алуы үшін берілетін уақытты созуды сұрады. Осыған байланысты оған қосымша тағы 60 күн уақыт берілді. Одан соң спортшы Эррол Спенстің командасымен келіссөздерді бастайды»,-дейді IBF басшысы Линдси Такер.
Айта кетейік, Келл Брук қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуі барысында көзінің ойығын қатты жарақаттап алды. Бұдан соң оған хирургтің көмегіне жүгіну қажет болды.