11:56, 02 Қазан 2017 | GMT +5
Головкиннен бұрынғы жылдамдығын көрмедім - мексикалық боксшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс аңызы мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы айқасқа пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.
«Иә, «Канелоның» мексикалық стилі бар, себебі ол аяғында нық тұру үшін және Головкинмен жұдырық алмасу үшін қажет кезде қозғалысын тоқтата білді. GGG-ге қарап, оның бұрынғы жекпе-жектеріндегі жылдамдық пен күш-қуатты көрмедім. «Мексикалық стиль» қайда?» - деп келтіреді Boxingscene.com кіші Чавестің сөзін.
16 қыркүйекте Лас-Вегастағы Головкин - «Канело» айқасының тең нәтижесінен кейін, тараптар 2018 жылдың мамыр айында болуы мүмкін реванш-айқас туралы келісім жүргізіп жатыр.