Головкиннен жеңілген Рубио промоутерсіз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марко Антонио Рубионың промоутері Реджинальдо Кюхле оның Головкинмен болған сайыста спортшының жеңілісіне ашуланғаны соншалық, енді онымен келісім-шартты бұзуға дайын екенін жариялады, деп хабарлайды BoxingScene.com.

Головкиннен жеңілген Рубио промоутерсіз қалды

«Рубионікі ұят енді... Қалайша осылай жеңілуге болады? Ол екі раунд ішінде нокаутқа жатпаған соққыдан құлады. Біз оған көп үміт артып едік, Рубио жанкүйерлерінің көңілін қалдырды. Бізді енді ештеңе байланыстырмайды, арамызда ондай адамдар үшін орын жоқ», - деді Кюхле.