10:28, 08 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Головкиннің 2 кездесуі 2016 жылдың басты жекпе-жектерінің қатарына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық BleacherReport.com спорт сайты 2016 жылы болуы мүмкін кәсіби бокстағы ең тартымды жекпе-жектердің тізімін жариялады.
Бұл рейтингте WBA/IBF/IBO тұжырымы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің болуы ықтимал екі маңызды айқасы алғашқы екі орынды иеленді.
Сонымен, тізім басында Геннадий мен Сауль Альварестің жекпе-жегі, Геннадий Головкин - Флойд Мейвезер арасындағы ықтимал кездесу екінші орында орналасқан. Алғашқы үштікті Мэнни Пакьяо - Теренс Кроуфорд кездесуі тұйықтап тұр, деп жазды Sports.kz.