Головкиннің әлеуетті қарсыласы Уордтың айқасына екі күннің ішінде 2 млн доллардың билеті сатылып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қарашада Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) үш тұжырым бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сергей Ковалев (30-0-1, 26КО) пен Головкиннің ықтимал қарсыласы америкалық Андре Уорд (30-0, 15КО) соңғы бірнеше жылдарда ең бастылардың бірі деп аталып жүрген жекпе-жегін өткізеді.
Билеттер 2 қыркүйекте сатылымға қойылды, Los Angeles Times шолушысы Лэнс Панмайрдың ақпаратына сәйкес екі күнге жетпейтін уақытта 2 миллон доллардың билеттері сатылып кетті.
Жекпе-жек 20 мыңдық T-Mobile аренасында өтеді.