Головкиннің алты ықтимал қарсыласы аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Badlefthook.com порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластарының тізімін жариялады.

Головкиннің алты ықтимал қарсыласы аталды

GGG келесі жекпе-жегін британиялық Билли Джо Сондерспен (23-0, 12 КО) және америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өткізеді деген мүмкіндік жоғары. Сондай-ақ, басылым журналистерінің пікірінше, жылдың соңына дейін Головкин шаршы алаңда ирландық Энди Ли (34-3, 24 КО), британиялық кіші Крис Юбэнк (23-1, 18 КО), грузиялық Автандил Хурцидзе (32-2, 21 КО) немесе багамалық Туреано Джонсонмен (19-1, 13 КО) кездесуі мүмкін.

Головкин шаршы алаңға қараша айының соңында немесе желтоқсан айының басында оралады, деп хабарлады Sports.kz.