Головкиннің бабында болған кезі өтіп кетті - The Ring
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Dougies Friday Mailbag айдарында қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) туралы пікір айтты, деп жазады Sports.kz.
«Меніңше, Головкин ең бабында болған кезі 2013 -2014 жылдары болды. Былғары қолғап шебері ретіндегі биікке 2015 жылы жетті. Былтырғы «Канело» сол GGG-мен жұдырықтаса алар ма еді? Бәлкім. Иә, Головкин оған былтырғыға қарағанда қарқындырақ шабуыл жасар еді, бірақ ондай шабуылдар мексикалықтың зор қарсы соққыларына себеп болуы да мүмкін еді. Қазіргі «Канело» Головкин 2013-2015 жылдары жұдырықтасқан боксшылардың қай-қайсысынан да болсын артық (бірақ бұдан олар «екінші деңгейлі» боксшылар еді деген ұғым тумайды). Меніңше, Головкин 2017 жылы «Канелоны» жеңген еді, демек жастау күнінде де мексикалықты ұтатын еді. Бірақ ол айқас, егер Головкин тынымсыз шабуылмен, кеуде тұсына берген соққыларымен қысым жасағанда, басқаша болар еді. Жекпе-жек нокаутпен аяқталғанда да ол біржақты болуы екіталай еді», - деп жазады Фишер.