Головкиннің бапкері бокстағы ең айтулы жекпе-жекті атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 165 фунтта жоспарланған Сауль «Канело» Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавестің арасында болуы мүмкін жекпе-жек жайлы өз пікірін білдірді, деп жазды Sports.kz.
«Канело - Чавес айқасында жеңіп шыққан боксшы мен мына кездесудің [Головкин - Джейкобс] жеңімпазы рингте жолықса - бұл бокс әлеміндегі ең айтулы оқиға болар еді. Менің ойымша, кейде олар ойланбай сөйлейді. Егер Канело орта салмақ болмаса, заңды титулды қалай алды? Егер ол 160 фунттың орнына 165 фунтта жұдырықтасса, тағы да БАҚ-тың сынына ұшырайды.
Менің ойымша, Альварес үшін бұл ауыр айқас. Әрине, Чавес үшін 165-ке ауысу оңай емес. Егер ол бұл салмаққа қол жеткізсе, Канело үшін басымдық болады. Осы екі айқастың жеңімпаздарының кездесуі - орта салмақтағы үстемдік үшін күрес болғалы тұр», - депгенбапкердің сөзін келтіреді Boxingscene.com.