Головкиннің бапкері: GGG-дің жасына алаңдаудың қажеті бар ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес боксшының қартайып бара жатқандығына алаңдамайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Головкиннің бапкері: GGG-дің жасына алаңдаудың қажеті бар ма

«Қалың көпшілік Генаның жасы мен оның «Канеломен» жекпе-жегі кезінде әдеттегіден баяу қимылдағанын айтады. Егер мен 8 раундтық спарингтер барысында Генаны жиі төмпештеп, ол баяу қимылдағанын көрсем, мен оған әрине, алаңдайтын едім. Әзірге мен мұндайды көріп тұрғаным жоқ»,-деді Санчес.

Саулем Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болған бірінші кездесу дау тудырса да тең аяқталды. Бокс әлеміндегі көптеген мамандардың пікірінше, Геннадий таза жеңіске жеткенмен, оған әділетсіздік жасалды.

Реванш 5 мамырда өтеді. Кездесудің өтетін орны кейінірек хабарланады.