10:23, 20 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Головкиннің бапкері жаттықтыратын америкалық боксшы допинг-тесттен өтпей қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN.com ақпараты бойынша, бірінші жартылай орта салмақтағы америкалық Райан Мартинтен (22-1, 12 KO) Дүниежүзілік бокс суперсериясына қатысуына байланысты WBC және VADA-ға қарасты «Таза бокс» бағдарламасы аясында тыйым салынған заттарға тест тапсырған. Ол оң нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл туралы телеарнаға Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман айтты. Бұл ретте, боксшының сынамасынан қандай тыйым салынған заттың анықталғаны айтылмаған.
Еске салайық, Мартин Абель Санчестің жетекшілігінде қазақстандық Геннадий Головкин және Әли Ахмедовпен бірге Биг-Бэарда (Калифорния штаты) жаттығады. 3 қараша күні өткен соңғы жекпе-жегінде ол британдық Джош Тэйлордан техникалық нокаутпен жеңілген болатын.