08:27, 19 Қазан 2017 | GMT +5
Головкиннің бар айбаты айқын көрінген 5 айқасы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Fight Game-нің Youtube-тегі арнасы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бес үздік айқасынан үзінділерді жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Видео авторының пікірінше, Гжегож Прокса (28-1 - Головкинге қарсы жекпе-жекке дейінгі статистикалар), Дэниэл Гил (30-2), Марко Антонио Рубио (59-6-1), Кіші Вилли Монро (19-1) және Нобухиро Исидаларға (24-8-2) қарсы айқастарында GGG жеңілмейтіндей көрінген.
Геннадий 2018 жылдың 5 мамырында мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы қарымта кездесу өткізеді деп күтілуде. 1XBET букмекерлік кеңсесі осы айқасқа бәс қабылдауды бастап жіберген. Олар Головкиннің жеңісіне - 1.77, Альварестің жеңісіне - 2.13, тең нәтижеге - 25 коэффициенттерін ұсынып отыр.