Головкиннің болуы мүмкін қарсыласы әлем чемпионы атағын қорғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка боксшысы Дэниел Джейкобс өз отандасы Серхио Мораны жеңіп, Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап шықты.

Головкиннің болуы мүмкін қарсыласы әлем чемпионы атағын қорғады

Сенбі күні Нью-Йорк қаласында өткен жекпе-жек Джейкобстың жеңісімен, екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды, деп жазады sports.kz.

Джейкобс кәсіби рингтегі 30-шы жекпе-жегінде басым түскен, соның ішінде 27-сі - нокаут, бір рет қана жеңілді. Мора болса, 28 рет жеңіп (соның ішінде 9-ы - нокаутпен), 4 рет ұтылған және екі айқасы тең аяқталды.