08:24, 23 Шілде 2018 | GMT +6
Головкиннің бұрынғы қарсыласы «Канелоны» жеңудің жолын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.
Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Малик Диарра GGG алдағы жекпе-жекте жеңіске жету үшін не істеу керек екенін айтты, деп жазады Sports.kz.
«Меніңше, бірінші жекпе-жекте Головкин «Канелоның» еркін тыныс алуына мүмкіндік берді. Оған барынша қатаң қысым жасау керек. Абель Санчес - үздік бапкер әрі тактиктердің бірі, сондықтан, ол барлығын ескереді, GGG бірінші кездесудегі секілді Альвареске рингтің орталығын оп-оңай бере салмайды деп ойлаймын», - деді бұрынғы боксшы.