Головкиннің даулы жекпе-жегі бокс тарихында қалады

None
Фото: sports.kz
The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасында осыдан бес жыл бұрын өткен екінші жекпе-жек әлемдік бокс тарихында тамаша реванштардың бірі ретінде қалатынын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

2018 жылдың 15 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен бұл жұдырықтасу төрешілердің көпшілік шешімі бойынша Альварестің жеңісімен аяқталды.

«The Ring журналының нұсқасы бойынша бұл «2018-дің жыл жекпе-жегі» болды. Даңқ залының екі болашақ мүшесі ішкі және орта диапазонда керемет қойылым көрсетті. Өкінішке қарай, жанкүйерлер арасындағы дау мен келіспеушілік хардкор жанкүйерлердің көпшілігіне жекпе-жекті нақты уақытта толықтай бағалауға мүмкіндік бермеді. Бірақ, бұл реванш есте қалады», - деп жазды Фишер твиттерде.

Соңғы жаңалықтар