Головкиннің «Канелодан» кейінгі қарсыласы аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер 5 мамырға жоспарланған GGG мен «Канело» арасындағы реванштан кейін үшінші айқасты ұйымдастыру әзірге қарастырылып отырмағанын айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Головкиннің «Канелодан» кейінгі қарсыласы аталды

Қарымта жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына аяқталған жағдайда, оның басты мақсаты WBO-ның орта салмақтағы әлем чемпионы титулы болмақ. Ал оған бүгінгі күні Билли Джо Сондерс ие.

«Үшінші айқас - бұл мәселені тараптардың ешбірі әлі талқылаған емес. Мен де, Эрик Гомес те, әзірге бар күш-жігерді екінші айқасқа салатынымызды айтып отырмыз. Рематчта жеңіске жеткен тарап, үшінші айқастың қажеті бар-жоғын шешетініне келістік.  Егер трилогия болып жатса да, оны алдағы таяу уақытта ұйымдастырмаймыз. Егер Головкин жеңсе, ол  Билли Джо Сондерспен бірлескен жекпе-жек өткізеді», - деп келтіреді Леффлердің сөздерін Boxingscene.com.