Головкиннің қарсыластары Альварес пен Чавес жекпе-жек жөнінде ресми келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy  промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя 6 мамырда 26 жастағы Саул «Канело» Альварес және 30 жастағы Хулио Сезар кіші Чавес арасында жекпе-жек өтетіндігін мәлімдеді.

Головкиннің қарсыластары Альварес пен Чавес жекпе-жек жөнінде ресми келісті

Айқас 164,5 фунт (74,6 келі) салмақ дәрежесінде болады. Жекпе-жекті НВО телеарнасы көрсетеді, деп жазады sports.kz.

Еске сала кетсек, боксшылардың екеуі де  2017 жылы қазақстандық Геннадий Головкиннің қарсыластары болуы мүмкін деп есептеліп отыр.