Головкиннің қарсыласы жаттықтырушы таба алмай жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша бұрынғы чемпион, мексикалық Хулио Сезар Чавес қазақстандық боксшы, WBA чемпионы Геннадий Головкинге қарсы шаршы алаңға шығардың алдында жаттықтырушы таба алмай жүр, деп жазады sports.kz.

Головкиннің қарсыласы жаттықтырушы таба алмай жүр

Бұған дейін Чавес Роберт Гарсиямен жұмыс істеуді жоспарлаған, алайда бұл маманмен келіссөздер әлі басталған жоқ. Сондай-ақ мексикалық спортшыға Фредди Роач та көмектесе алмайды. Сондықтан, оның бұрышында промоутер Боб Арум қатты сынаған Владимир Бельденбро қалуы ықтимал.

Еске сала кетсек, Головкин мен Чавестің жекпе-жегі 19 шілдеде өтеді деп жоспарланып отыр.