Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгіленді, деп жазады Vesti.kz.

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Бұл туралы спорт журналисі және комментатор Григорий Стангрит твиттердегі парақшасына: «Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 қазанда өтетін болды», деп жазды.

Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұл 2014 жылғы үшінші және кәсіби рингтегі 31-ші кездесуі болмақ.