Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғаптар сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғаптар сатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғаптар сатыла бастады

Бұл туралы боксшы өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына өзінің қолы қойылған қолғаптарының суретін жариялады.

Қолғаптың бағасы - 200 доллар. Оларды Головкиннің ресми дүкенінен сатып алуға болады.