14:48, 17 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Головкиннің компаниясы ХКБ федерациясына шағым жасауы керек - Ермахан Ыбырайымов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне байланысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Боксты бастан-аяқ көріп шықтым. Төрешілер қалай тең ойын көрсетті деп шешім шығарды, түсінбедім. Менің ойымша Гена жеңді. Төрешілер 3:0 есебімен Генаға беруі керек еді. Жекпе-жектің қызуы басылған жоқ. Уақытты созбай, Геннадийдің проуметорлары Халықаралық кәсіпқой бокс федерациясына жекпе-жектің қорытындысын қайта қарауды ұсынып, арыз жазулары керек. Төрешілер дұрыс шешім шығарған жоқ», - деп атап өтті Ермахан Ыбырайымов.