Головкиннің күшті қарсыластарының бірі - Сауль Альварес WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (46-1-1, 32 КО) кеше Мексикада WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион ретінде таныстырылды, деп хабарлады sports.kz.
«WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы титулға ие болу үшін келдім. Екі салмақ дәрежесінде чемпион атануыма мүмкіндік берген Дүниежүзілік Бокс Кеңесіне ризамын. Мен үшін бұл үлкен қадам және мен мамыр айында өтетін жекпе-жекті күтіп отырмын», - деді Канело.
Осылайша Альварес 2016 жылдың мамырында оны шаршы алаңда көретінімізді айтты. Қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) кездесер алдында Сауль өзге боксшымен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Әзірге қарсыласының есімі аталмай отыр.