Головкиннің промоутері Альварес өкілдерінің талаптарына көнуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер GGG мен «Канело» жекпе-жегін өткізу үшін Сауль Альварес өкілдерінің кейбір шарттарын қабылдауға дайын екендігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің промоутері Альварес өкілдерінің талаптарына көнуге дайын

«Геннадий қазір 18 наурызда өтетін айқасқа дайындалуда. Мен үшін боксшыларды Головкинмен айқасуға қызықтыру қиын, сондықтан 2-3 қадам бұрын болжап отырамын. Эрик Гомеспен келісімдерді қарашадан бері жүргізіп келемін, барлығы оң шешімін тапқан сияқты. Айқас қыркүйек айында өтеді деп ойлаймын. Бірақ қазір Головкин Джейкобсты, ал Альварес - кіші Чавесті жеңуі тиіс. Алдын ала болжау қиын, олардың екеуін де қауіпті айқас күтіп тұр. Алайда, екеуі де жеңіске қол жеткізсе, бокс әлеміндегі ірі жекпе-жек болайын деп тұр», - деді Леффлер.

Оның айтуынша, Геннадий жылына төрт рет айқасқа түскісі келеді, осылай ол рингке жиі шығатын болады.

«Наурыздағы жағдайға байланысты көреміз. Канеломен айқас өтпей қалса, біз бұл аралықта басқа жекпе-жек ұйымдастырамыз. Бірақ, алда не күтіп тұрғанын ешқашан білмеймін. Головкин барлық ынта-жігерімен Джейкобспен өтетін айқасқа дайындық үстінде, ондай мықты қарсыласты бағаламауға болмайды. Альвареспен өтетін кездесуде ешқандай кедергі көріп тұрғаным жоқ. Салмақ ешқашан кедергі келтірмеген. Бірақ біз көптеген ірі айқастардың жоспарланып, орын алмай қалғандығын білеміз. Егер 18 наурыздан кейін келісім жасауға мүмкіндік туса, қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Геннадий рингке шыққысы келеді, ол үшін бұл үлкен айқас. Дэнниді жеңсе, көптеген мүмкіндіктер туар еді. Біз ол үшін ең жақсы келісімдерді жасағымыз келеді, өзімізді жоғары бағаламаймыз. Біз айқастарды өткізу үшін көптеген талаптарға көніп келеміз. Егер Golden Boy «А тарапында»  және басты промоушен болғысы келсе, біз үшін бұл проблема емес», - деді Леффлер SecondsOut-қа берген сұхбатында.