Головкиннiң промоутерi: Геннадиймен шыққан қарсыластар дивизионда ең жоғары гонорар алды
Промоутердiң мәлiм еткенiндей, Головкиннiң қарсыластары қыруар гонорарларға ие болған. Мысалы, бұрынғы чемпион Дэниэл Гил Головкинмен жекпе-жек өткiзгенi үшiн 600 мың доллар алған. Питер Куиллин соңғы үш жекпе-жекте 340, 400 және 450 мың долларға ие болған. Куиллин чемпиондық атақ үшiн болған төрт кездесуде кештiң басты жекпе-жегiне қатыспаған.
«Питердiң осылай сөйлеуi, аса қызық жағдай, менiңше ол Головкинмен кездеспеу үшiн айта салған», - деп келтiредi Леффлердiң сөзiн BoxingScene.com. сайтында. - Айта кетейiн, PPV жекпе-жектерiн санамағанда Геннадийдiң қарсыластары дивизионда ең жоғары қаражаттарға ие болып келеді. Маклинға, Гилға, Рубиоға қараңыздар, оларға ең көп ақша төлендi, - деді ол.
Еске сала кетейiк, Головкин келесi ұрысты 21 ақпанда Мартин Мюррейге қарсы өткiзбек.