Головкиннің промоутері «Канелоға» қойылған қаржылық талаптардың себебін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшының Сауль Альвареспен екінші айқаста жоғары сыйақы алуды қалайтын негізгі екі себебін атады, деп жазады Sports.kz.

Головкиннің промоутері «Канелоға» қойылған қаржылық талаптардың себебін атады

«Геннадий былтыр қыркүйектегі алғашқы шоудағы табысы мен 5 мамырда жекпе-жектің болмауына байланысты ақысын әділ түрде алғысы келеді», - деді Леффлер ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Головкин бокстан түскен қаржыны 50 де 50 етіп бөлуді сұрап отыр. Ал, Golden Boy Promotions оған тек табыстың 35% төлеуге дайын. Осыған байланысты қыркүйектегі екінші айқас туралы боксшы тараптарының келіссөздері тығырыққа тірелді.