Головкиннің промоутері «Канеломен» айқастан түсуі мүмкін табысты айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер  бұрынғыша мексикалық Саульм Альвареспен (49-1-2, 34 КО) рематч қазіргі уақыттағы ең ірі айқас болатындығынан сенімді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің промоутері  «Канеломен» айқастан түсуі мүмкін табысты айтты

«Канеломен рематч - бокстағы ең айтулысы. Олар бірінші жекпе - жекте  спорттық мансаптарында үлкен серпіліс жасады. Сондай-ақ, Лас-Бегастағы билеттің сатылуынан түскен табыс бойынша үшінші орынды иеленді. Егер бұл рематч өтетін болса, одан да жоғары болуы ықтимал»,- деп атап өтті Леффлер.

Еске сала кетсек, Головкин мен «Канелоның» алғашқы айқасы өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен еді. Ол  талас тудыратындай тең аяқталған болатын. 1,3млн билет сатылған.