Головкиннің промоутері «Канеломен» келіссөзден үмітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасымен реванш өткізу мәселесі бойынша жуырда келісімге келеміз деген үмітте, деп жазады Sports.kz.
None
None

«Біз «Канеломен» кезекті кездесуді тағатсыздана күтіп жүрміз және онымен жұмыс жүргізудеміз. Мен қазір Эрик қаласындамын. Гомес те қалада. Сондықтан біз жақын арада бірге отырып, бәрін талқыға саламыз. Олар Оскармен (Де ла Хоя) келіссөздер мәселесіне келгенде өте сенімді адамдар. Біз ортақ келісімге келеміз деген ойдамын»,-деді Леффлер.

Реванш 5 мамыр күні өтеді деген болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар